Құқықтық орта нығайған сайын жастардың білім алуына, еңбек етуіне, спортпен айналысуына және өз қабілетін толық іске асыруына мүмкіндік кеңейеді.
Әділдік пен тең мүмкіндік үстемдік құрған қоғамда жастардың елге деген сенімі артып, әлеуметтік тұрақтылық күшейеді. Бұл – ұлт денсаулығы мен рухын қалыптастыратын негізгі фактор. Сондықтан референдум – тек құқықтық рәсім емес, елдің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайтын тарихи кезең деп сеніммен айта аламын.
Г.Ибраева -Зеренді ауданы Аналар кеңесінің төрайымы