Конституцияны жаңарту идеясы, ең алдымен, халықтың қоғамдық өмірге деген сенімін күшейте алады. Өйткені кез келген конституциялық реформа – мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастарды қайта қарау мүмкіндігі. Мұндай сәтте азаматтар өз дауысының құнды екенін сезінеді.
Бастысы – құжаттың мазмұны ғана емес, оның қабылдану үдерісі де әділ, түсінікті және ашық болуы. Халық талқысы кең болса, жаңа конституцияны қабылдау қоғамда бірлік пен жауапкершілік сезімін арттыра түседі. Сондықтан бұл құжатқа тек заңдар жиынтығы емес, елдің жаңа дәуірге қадам басуы ретінде қарау маңызды.
С.Баймурзин-Зеренді ауданы билер алқасының бас биі
