Ол елдің саяси мәдениетін жетілдіріп қана қоймай, қоғамды жаңаша ойлауға жетелейді. Халықтың мүддесін ескеруге бағытталған тұжырымдамалық өзгерістер болашаққа үлкен сенім ұялатады.
Ең қуаныштысы – азаматтардың конституциялық үдерістерге белсенді қатысуы. Бұл елімізде жауапты қоғам қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Жоба қабылданса, ол Қазақстанды жаңа биіктерге жетелейтін, тұрақтылық пен өркендеудің мызғымас негізіне айналары сөзсіз.
Гүлнар Ибраева-Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы
