Ақмолалықтарға дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігін алу тәртібі түсіндірілді

15 наурыз күні Ақмола облысында дауыс беру үшін 760 сайлау бөлімі ашылады. Барлық бөлімдер таңғы сағат 7:00-де жұмысын бастап, кешкі 20:00-де жабылады. Қазіргі уақытта сайлау бөлімдері дауысберуді өткізуге толық дайын: комиссиялардың жұмысыұйымдастырылған, ғимараттар қажетті жабдықтармен қамтамасызетілген. Сонымен қатар халыққа дауыс беру тәртібі бойынша түсіндіружұмыстары жүргізілуде.

Сайлаушылар үшін өзекті мәселелердің бірі – тұрақты тіркелгенжерінен тыс жерде дауыс беру мүмкіндігі. Мұндай жағдайда азаматтаресептен шығару куәлігін пайдалана алады.

Көкшетау қалалық референдум комиссиясының төрайымы Мариям Калиеваның түсіндіруінше, бұл құжатты алдын ала алуға болады.

«Азамат уақытша болатын орнын ауыстырған жағдайда, 27 ақпаннанбастап 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін жеке куәлігін көрсетіп, тіркелген жеріндегі учаскелік комиссиядан дауыс беру құқығынаарналған есептен шығару куәлігін ала алады», – деді ол.

Дауыс беру күні азамат нақты болатын жеріндегі учаскеге есептеншығару куәлігі мен жеке куәлігін ұсынуы тиіс. Құжаттар тексерілгенненкейін учаскелік комиссия азаматты республикалық референдумғақатысуға құқығы бар тұлғалар тізіміне енгізіп, дауыс беру бюллетенінбереді.

Мариям Калиеваның айтуынша, есептен шығару куәлігі бір рет қанапайдаланылады және азамат дауыс берген учаскеде қалады. Жоғалған құжаттар қайта қалпына келтірілмейді. Сондай-ақ бір елдімекеннің ішінде дауыс беруді жоспарлаған азаматтарға мұндай куәлікберілмейді.

Өңір тұрғындарының ыңғайлылығы үшін Ақмола облысында қосымшаақпараттандыру ұйымдастырылған. Call-орталық пен Telegram-бот жұмыс істейді. Олардың көмегімен жеке сәйкестендіру нөмірі арқылыөз сайлау учаскеңіздің нөмірін білуге болады.

Целиноград аудандық аумақтық комиссиясының төрайымы ӘселАйтқужинаның мәліметінше, бұл электронды сервис тек Ақмолаоблысының тұрғындарына қолжетімді.

«Азамат Telegram-ботқа кіріп, ЖСН арқылы өзінің сайлау учаскесініңнөмірін анықтай алады. Бұл ақпараттандыру үдерісін жеңілдетіп, дауыс беру орнын алдын ала нақтылауға мүмкіндік береді», – деді ол.

Айта кетейік, барлық сайлау бөлімдерінде сайлаушыларды тіркеу жәнеесептен шығару тәртібі бойынша түсіндірме материалдарорналастырылған.