Жаңа Конституция жобасында өңірлерді дамытуға бағытталған тұстардың болуы мені қуантты. Соңғы уақытта адамдардың болашаққа деген сенімінің артқанын жиі байқаймын. «Өзгеріс жақындап келеді» деген үміт қоғамда күшейе түсті.
Жобада жастардың білім алып, еңбек етуіне жол ашатын ұсыныстардың қарастырылуы да маңызды. Бұл – әр отбасының болашағына әсер ететін оң қадам. Әсіресе өскелең ұрпаққа жаңа мүмкіндіктер берілетіні көңілге қуаныш ұялатады.
Сондықтан мен 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысып, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс беруді дұрыс деп санаймын. Біздің әрбір таңдауымыз – елдің ертеңіне жасалған үлес.
Г. Ибраева- Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы
