ҚР Конституциясының жаңа жобасы – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті айқындайтын маңызды стратегиялық құжат. Онда адам құқықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін орнықтыру, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайту сияқты негізгі қағидалар жан-жақты қамтылған. Мұндай өзгерістер азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырып, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайта түседі.
Бұл бастамалар еліміздің демократиялық даму бағытын жалғастырып, құқықтық мемлекет құндылықтарын нақты істермен бекітуге бағытталған. Конституцияның референдум арқылы қабылдануы – оның халықтың тікелей еркіне сүйенетінін көрсететін маңызды қадам.
О.Бекішев – Зеренді ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы
