Ақмола облысында сайлау учаскелерінің қолжетімділігі қалайқамтамасыз етіледі
Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауқұқықтарын қамтамасыз ету – сайлау комиссиялары жұмысыныңбасым бағыттарының бірі. Референдумға дайындық аясында өңірдемүгедектігі бар адамдар мен дауыс беру кезінде арнайы жағдайдықажет ететін өзге де азаматтар үшін сайлау инфрақұрылымыныңқолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылықжәне техникалық шаралар кешені жүзеге асырылуда. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы хабарлайды.
Облыстық аумақтық комиссияның мәліметінше, дауыс беру күні өңірде760 референдум учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде 700 азаматтардың тіркелген жері бойынша, ал 60 уақытша болатынорындарда ашылады.
Сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында арнайы жағдайдықажет ететін азаматтар туралы мәліметтер нақтыланған.
Облыстық референдум комиссиясының төрағасы МанарбекСәдуовтың айтуынша, өңірде 2772 мүгедектігі бар азамат бар. Оның ішінде 881 адам арбамен қозғалады, 700 адамның есту қабілетібұзылған, 1191 адамның көру қабілетінде қиындық бар. 29 адамБрайль қарпін меңгерген. Дауыс беру күні мүгедектігі бар азаматтарүшін инватакси мен сурдоаудармашылар қызмет көрсетеді. Барлықучаскелер осы санаттағы азаматтардың қажеттіліктерін ескере отырыпжабдықталған.
Облыс орталығында да дайындық жұмыстары толық көлемдежүргізілуде. Қалалық референдум комиссиясының хабарлауынша, Көкшетау қаласындағы 79 учаскенің барлығында сайлаушылардыңкедергісіз кіруіне жағдай жасалған.
Көкшетау қалалық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Алмагүл Әленованың айтуынша, учаскелерде мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы бұрыштар жабдықталған. Ондакомпьютерлер, құлаққаптар, қосымша жарықтандыру және үлкейткішқұрылғылар бар. Конституция жобасының мәтіні аудио сүйемелдеуменорналастырылған. Сондай-ақ бюллетеньдерді өз бетінше толтыруғаарналған Брайль қарпіндегі трафареттер мен аудионұсқаулықтарқарастырылған.
Сонымен қатар мекенжайлық жұмысты тиімді жүргізу үшін электрондыдеректер базасы қалыптастырылған. Сайлау учаскелері орналасқаннысандар Қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілуде. Қазіргіуақытта 79 учаскенің 63-і картаға енгізілген.
Облыс бойынша республикалық референдумға қатысу құқығына 511 183 азамат ие. Халықты ақпараттандыру мақсатында 20 call-орталықпен 109 бірыңғай нөмірі жұмыс істейді. Мұнда дауыс беру орны мен уақыты туралы ақпарат алуға болады.
Сондай-ақ облыс әкімінің ресми сайтында «Өзіңді тексер» онлайн-сервисі және «АкмолаСайлауБот» Telegram-боты іске қосылған.
