Ел дамуына бағытталған қадам
Мен зейнеткер ретінде еліміздегі жаңалықтарды әрдайым қызығушылықпен қадағалап отырамын. Конституция – мемлекеттің негізгі тірегі, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықтың кепілі. Сондықтан жаңа жоба туралы айтылған бастамаларды оң қабылдаймын.
Меніңше, мұндай өзгерістер елдің болашағын нығайтуға бағытталған. Қоғамда әділдік пен заң үстемдігі нығайса, адамдардың мемлекетке деген сенімі де арта түседі. Әсіресе қарапайым азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы – өте маңызды.
Біз аға буын өкілдері еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығын әрқашан жоғары бағалаймыз. Сондықтан мемлекетіміздің дамуына бағытталған осындай бастамалар болашақ ұрпақ үшін де маңызды деп есептеймін.
О. Бекішев-Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
