Осы тұрғыдан алғанда, ұсынылған жаңа Конституция жобасы елдің саяси және қоғамдық дамуына оң әсер ететін маңызды бастама болып отыр.
Конституцияны жаңарту – мемлекет өміріндегі табиғи үдеріс. Уақыт өте келе қоғам өзгереді, жаңа талаптар пайда болады, сол себепті негізгі заң да заманға сай жетілдіріліп отыруы тиіс. Бұл қадам Қазақстанның алға ұмтылған, жаңашыл мемлекет екенін көрсетеді.
Жаңа Конституция жобасы елдің даму бағытын айқындап қана қоймай, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді. Мұндай өзгерістер халықтың болашаққа деген сенімін арттырып, мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара түсіністікті күшейтеді.
Сонымен қатар, биыл 15 наурызда жаңа Конституция жобасына қатысты жалпыұлттық референдум өтеді. Бұл – әрбір азаматтың ел болашағына қатысты өз пікірін білдіретін маңызды мүмкіндік. Сондықтан әрқайсымыз белсенділік танытып, өз таңдауымызды жасауымыз қажет.
Конституциялық жаңару – Қазақстанның даму жолындағы маңызды кезең. Ол елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, келешек ұрпаққа мықты құқықтық негіз қалдыруға бағытталған.
С.Баймурзин-Зеренді ауданы билер алқасының бас биі
