Қазақстанда ұсынылған жаңа Конституция жобасы осы тұрғыдан алғанда уақыт талабына сай бастама ретінде қабылдануда.
Әлем жылдам өзгеріп жатыр, соған байланысты мемлекеттік басқару жүйесі де заманға бейімделіп отыруы қажет. Конституциялық жаңару мемлекет институттарын жетілдіруге, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Жаңа жобаның тағы бір маңызды қыры – қоғамның дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуы. Елдің құқықтық негізін жаңарту азаматтардың мемлекетке деген сенімін күшейтіп, қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде, экономикалық және әлеуметтік реформалардың табысты жүзеге асуына негіз болады.
Сондықтан Конституция жобасын тек заңнамалық өзгеріс ретінде ғана емес, елдің дамуындағы стратегиялық қадам ретінде қарастыруға болады. Ол Қазақстанның тұрақты, заманауи және болашағы берік мемлекет ретінде қалыптасуына қызмет етеді.
О. Бекішев-Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
