Конституция – кез келген мемлекеттің негізгі заңы, ол елдің даму бағытын айқындап, қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін қамтамасыз етеді. Сондықтан мұндай маңызды құжаттың жаңартылуы елдің болашағына деген сенімді арттыра түседі.
Көптеген азаматтардың пікірінше, жаңа Конституция мемлекет дамуының жаңа кезеңін бастауға мүмкіндік береді. Заманауи талаптарға сай заңнаманы жетілдіру – кез келген дамушы ел үшін табиғи әрі қажетті үдеріс. Уақыт өзгерген сайын қоғамның қажеттіліктері де өзгереді, сондықтан негізгі заңның жаңаруы елдің алға жылжуына ықпал етеді.
Жаңа Конституция жобасы қоғамдағы ашықтық пен диалог мәдениетінің дамып келе жатқанын көрсетеді. Қоғамда әртүрлі пікірлер айтылып, азаматтар ел болашағына қатысты өз ойларын білдіріп жатыр. Бұл – белсенді азаматтық қоғамның белгісі.
Жаңа Конституция жобасы Қазақстанның тұрақты дамуына, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда. Мұндай өзгерістер елдің болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
О. Бекішев- Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
