Бұл бастама мемлекеттің даму бағытын жетілдіруге және қоғамның заманауи талаптарына жауап беруге бағытталған.
Конституция – елдің саяси және құқықтық жүйесінің негізі. Сондықтан оның жаңартылуы мемлекет дамуының жаңа мүмкіндіктерін ашады. Көптеген азаматтар бұл өзгерістер Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуіне оң әсер етеді деп сенеді. Жаңа бастамалар елдің болашағына деген сенімді күшейтіп, қоғамның дамуына жаңа серпін береді.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай маңызды мәселелерді халықпен бірге талқылау – демократиялық қоғамның маңызды белгісі. Азаматтардың пікірін тыңдау және олардың таңдау жасау мүмкіндігі – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтады.
Айта кету керек, 15 наурыз күні жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыұлттық референдум өтеді. Бұл күні азаматтар өз дауыстарын беріп, елдің болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға қатыса алады. Референдум – халықтың бірлігі мен белсенді азаматтық ұстанымын көрсететін маңызды қадам.
Г. Ибраева -Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы
