Қазақстанда ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы – елдің жаңғыру жолындағы маңызды әрі игі бастамалардың бірі. Бұл өзгерістер мемлекетіміздің саяси және қоғамдық өмірін одан әрі жетілдіріп, болашаққа сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді.
Конституция – мемлекеттің негізгі заңы ғана емес, ол қоғамның басты құндылықтарын, мақсат-мүдделерін және жарқын болашаққа деген ұмтылысын айқындайтын маңызды құжат. Сондықтан оны жаңарту мәселесі әрдайым халықтың кең талқылауымен, ашық пікір алмасумен жүзеге асуы аса құнды. Бүгінде Қазақстанда дәл осындай белсенді қоғамдық диалог қалыптасып отыр.
Жаңа Конституция жобасы елдегі тұрақтылықты сақтай отырып, мемлекетіміздің одан әрі дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды қадам ретінде бағалануда. Бұл құжат мемлекет пен азаматтардың өзара қарым-қатынасын заман талабына сай жетілдіріп, қоғамның бірлігі мен ынтымағын нығайтуға бағытталған.
15 наурыз күні өтетін референдум – осы маңызды үдерістің жарқын көрінісі. Бұл күні әрбір азамат өз дауысын беріп, ел болашағына қатысты шешім қабылдауға қатыса алады. Мұндай мүмкіндік халық пікірінің ескерілетінін және демократиялық құндылықтардың нығая түскенін көрсетеді.
Жаңа Конституция жобасы қоғамды біріктіріп, Қазақстанның тұрақты әрі табысты дамуына берік негіз қалайды. Ең бастысы – бұл бастама халықтың қолдауымен жүзеге асып, елдің жарқын болашағына жол ашады.

О.Бекішев- Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы