Бұл – кез келген дамушы қоғам үшін табиғи үрдіс. Осы тұрғыдан алғанда жаңа Конституцияның жобасы еліміздің жаңару жолындағы маңызды бастамалардың бірі болып табылады.
Конституция – қоғамдағы әділдік пен заң үстемдігінің негізі. Сондықтан оның жобасының ұсынылуы мен қоғамдық талқылауы азаматтардың мемлекет өміріне белсенді қатысуының көрінісі деп есептеймін.
Жаңа Конституцияның жобасы еліміздің одан әрі дамуына, қоғамдағы сенім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді деп ойлаймын. Мұндай бастамалар елдің болашағына деген сенімді арттыра түседі.

О.Бекішев – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы