ТҰРМЫСТЫҚ ГАЗ БАЛЛОНДАРЫН ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ

Төтенше жағдайдың алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:

🔹 Тек жарамды және сертификатталған газ баллондарын пайдаланыңыз.
🔹 Газдың шығуына жол бермеңіз – қосылыстарды сабынды ерітіндімен жүйелі түрде тексеріңіз.
🔹 Баллонды тек тік күйде, жақсы желдетілетін жерде сақтаңыз.
🔹 Баллонды жылу көздерінің жанында және тікелей күн сәулесінің астында орналастырмаңыз.
🔹 Техникалық куәландыру мерзімі өткен баллондарды қолданбаңыз.
🔹 Баллонды ауыстырған кезде вентильдің жабық екеніне көз жеткізіңіз.
🔹 Газ жабдықтарына балаларды жақындатпаңыз.

❗ Газдың иісін сезсеңіз:
— вентильді дереу жабыңыз
— терезе мен есікті ашыңыз
— электр құралдарын қоспаңыз және сөндірмеңіз
— сыртқа шығып, мамандарды шақырыңыз

Есіңізде болсын: қарапайым ережелерді сақтау – өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігінің кепілі.

☎️ Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз

@112aqmola