Қиындықтар мен жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, еліміз экономикалық тұрғыдан дамып, халықаралық аренада өз орнын қалыптастырды. Сонымен қатар, цифрландыру, мемлекеттік басқаруды жаңғырту, адам құқықтарын қорғау және білім мен ғылымды дамыту бағытында нақты реформалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл өзгерістердің барлығы еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, Қазақстанды дамыған мемлекеттердің қатарына жақындатуға бағытталған жүйелі жұмыстар деп ойлаймын.