Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңаКонституцияның құндылықтары мен нормаларын іскеасыру
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде жоғары оқу орындары мен ғылым саласында жаңаКонституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру жұмысы жүргізіліп жатыр.
24 наурыз бен 31 наурыз аралығында еліміздің барлық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеуинституттарында конституциялық реформаның негізгі ережелерін талқылауға бағытталған іс-шараларкешені ұйымдастырылды. Республиканың әр өңірінде студенттер, оқытушылар және ғылыми қызметкерлерқатысқан кездесулер, сараптамалық пікірталастар, дөңгелек үстелдер және басқа да диалог алаңдарыөткізілді. Барлығы шамамен 250 іс-шара ұйымдастырылып, профессорлық-оқытушылық құрамның, докторанттар мен магистранттар, жас ғалымдардың 10 мыңнан астам өкілі қамтылды.
Талқылаудың басты бағыты ретінде 19 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткенМемлекет басшысының ғылыми қоғамдастықпен кездесудегі сөзі қаралды.
31 наурызда елдің бірқатар жетекші жоғары оқу орындарында тақырыптық талқылаулар өтті, соның ішіндеәл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, М.Қозыбаев атындағы СолтүстікҚазақстан университеті және Қарағанды техникалық университеті.
1 сәуірде ұқсас іс-шаралар Шәкәрім университетінде, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде жалғасты.
Кездесулер барысында қатысушылар Мемлекет басшысының белгілеген ғылым мен жоғары білімдідамытудағы негізгі бағыттарын талқылады, оның ішінде ғылыми әлеуетті нығайту, университеттердің рөлінарттыру, жас ғалымдарды қолдау, ғылымды экономика саласымен интеграциялау, сондай-ақ цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын дамыту мәселелері қаралды.
Аталған шаралар жастар арасында конституциялық құндылықтарды тұрақты түсінуді қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және азаматтық жауапкершілікті дамытуға бағытталған.
Сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми қызметкерлері «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы: салыстырмалы талдау» атты әдістемелік нұсқаулықәзірледі, ол Ұлттық коалиция жұмысына пайдаланылды.
Қазіргі уақытта жаңа Конституцияға арналған әдістемелік ұсыныстар мен ғылыми түсіндірмелерпрофильдік мамандар мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен дайындалып жатыр.
Сонымен бірге жаңа Конституцияның нормалары оқу бағдарламаларының мазмұнына енгізіліп, жоғары білімжүйесінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын жаңарту жұмыстарыжүйелі түрде жүргізіліп келеді.
