Батырларға қамқорлық: Ақмола облысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері 9 мамырға орай қаржылық төлемдер алды
Ақмола облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына орай берілетін біржолғы материалдық көмек төлемдері аяқталды және барлық қаражат ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің және оларға теңестірілген өзге де санаттағы азаматтардың шоттарына түсіп үлгерді.
Өңірлік жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы хабарлағандай аймақта тұратын жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагеріне ерекше көңіл бөлініп, Қосшы қаласында тұратын майдангерге 5 миллион теңге көлемінде біржолғы төлем жасалды.
Бейбіт аспан мен ел мүддесін қорғауға үлес қосқан азаматтардың өзге де санаттары назардан тыс қалған жоқ және 25-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі төлемдерді ҰОС ардагерлеріне жеңілдіктері бойынша теңестірілген тұлғалар соның ішінде Ленинград құрсауында бір тұрға мен концлагерлердің сегіз бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқыны, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде мүгедек болған 17 әскери қызметші мен Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысқан 329 адам алды.
Сонымен қатар тұратын ауданына байланысты 10-нан 25 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі мемлекеттік қолдаумен 1301 тыл еңбеккері мен қаза тапқан жауынгерлердің 36 жесірі, қаза тапқан әскери қызметшілердің 45 отбасы мен қайтыс болған соғыс мүгедектерінің 30 жұбайы қамтылды. Осындай сомалар бейбіт уақытта қаза тапқан 68 әскери қызметшінің отбасына және Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жою кезінде қаза тапқандардың 5 отбасына, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезеңінде жарақат алу салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген 27 тұлғаға төленді.
«Ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды қолдау ең басты міндет саналад, қазіргі уақытта барлық қаржылық төлемдер толық көлемде аяқталды», -деп атап өтті жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында.
Бұған қоса, 108 125 теңге көлеміндегі төлемдер өзге мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының 380 ардагеріне, соның ішінде Тәжік-Ауған учаскесінде және Ирактағы бітімгершілік операциясында міндеттерін орындаған әскери қызметшілерге, Таулы Қарабақтағы қақтығысты реттеуге қатысушыларға аударылды.
Осылайша, өңірдің ерлік шежіресіне қатысы бар 2,2 мыңнан астам тұрғыны мемлекеттік қолдаумен қамтылып отыр.
