5 маусым – Экологтар күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні.

Бұл күн табиғатты қорғаудың маңыздылығын және әр адамның қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін еске салады. Таза ауа, мөлдір су, жасыл табиғат пен қолайлы экологиялық орта – баршамыздың ортақ байлығымыз.

Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – келер ұрпақ алдындағы маңызды міндет.

Табиғатты бірге қорғайық, таза әрі жасыл Қазақстанды бірге қалыптастырайық!