“Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 4 маусымда Көкшетау қаласындағы “Бижан ет өңдеу кешені” ЖШС қызметкерлерімен кездесу өтті.

Іс-шара барысында Ақмола облысы полиция департаментінің өкілі Назарова Бекзат интернет-алаяқтық, кибер алаяқтарға қалай қарсы тұру керектігі, дроп туралы ақпарат берді. Іс-шара барысында “Арна” колледжінің кибереріктілері интернет-алаяқтық жөнінде брошюралар таратты. “БИЖАН” қызметкерлерінің жұмыс чатына профилактикалық роликтер жіберіліп, “EGov-mobile”-да қарыз алу, шағын қарыз алу және несиелерден бас тарту қызметін пайдалану қажеттілігі туралы ұсынымдар берілді.

заңментәртіп