Мемлекет басшысы өз үндеуінде: «Біз қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз» деп атап өтті. Бұл – Қазақстанның жаңа даму бағытын айқындайтын маңызды ұстаным.

Жаңа Конституция әділеттілік, заң үстемдігі және азаматтардың құқықтарын қорғау қағидаттарын нығайтып, мемлекет пен қоғамның дамуына берік құқықтық негіз қалайды. Ендігі басты міндет – осы қағидаттарды іс жүзінде жүзеге асырып, реформалардың нақты нәтижесін халықтың күнделікті өмірінде көрсету.

Еліміздің болашағы заң мен тәртіпке, адал еңбекке және бірлікке негізделген жағдайда ғана қарқынды дамудың даңғыл жолына түсе аламыз. Сондықтан Жаңа Конституцияның күшіне енуі – тұрақты өсім мен Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам.

А. Малик-Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы