Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде Конституцияның тек құқықтық құжат қана емес, Әділетті Қазақстанды құрудың берік негізі екенін атап өтті.
Конституцияның басты құндылығы – әр азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдағы жауапкершілік пен бірлікті нығайту. Бұл қағидаттар қағаз жүзінде ғана емес, күнделікті өмірде нақты жүзеге асқанда ғана өз нәтижесін береді.
Заң мен тәртіп, адал еңбек, білімге ұмтылу және елге қызмет ету – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі тірегі. Әділетті Қазақстанды құру – тек мемлекеттің емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.
Ең бастысы – Конституцияда бекітілген қағидаттар қоғамның сенімін арттырып, еліміздің тұрақты дамуына және келешек ұрпақтың жарқын болашағына қызмет етсін.
О. Бекішев- Зеренді ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы
