Президент өз үндеуінде еліміздің қарқынды дамудың даңғыл жолына түсетінін айтты. Бұл – әрқайсымызға үлкен жауапкершілік жүктейтін мақсат.
Әділетті қоғам құру, заң мен тәртіпті сақтау, адал еңбек пен бірлікті нығайту – тұрақты дамудың басты кепілі. Конституцияда белгіленген құндылықтар өмірде толық жүзеге асқанда ғана еліміздің әлеуеті артып, азаматтардың мемлекетке деген сенімі нығая түседі. Барлығымыз ортақ мақсат жолында бірлесіп еңбек етсек, Қазақстанның келешегі бұдан да жарқын боларына сенім мол.
Ж. Абдрахманова – волонтер
