Сол себепті Жаңа Конституцияның күшіне енуі әрбір отбасыға сенім мен жаңа мүмкіндіктер сыйлайтын маңызды оқиға деп ойлаймын.
Мемлекет басшысы өз үндеуінде заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен әділдік қағидаттарын нығайту туралы айтты. Осындай құндылықтар қоғамда орнықса, балаларымыз да жауапкершілігі жоғары, білімді әрі елін сүйетін азамат болып өседі.
Болашақ ұрпақтың жарқын келешегі үшін бәріміз бірлікті сақтап, ортақ мақсатқа бірге ұмтылуымыз қажет. Қазақстанымыз өсіп-өркендей берсін!
Ж. Тулкубаева- Зеренді ауданы аналар кеңесі төрайымының орынбасары
