Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстан жаңа кезеңге қадам басты. Бұл – заң үстемдігін нығайтып, қоғамның сұранысына сай реформаларды жалғастыруға мүмкіндік беретін маңызды қадам.
Конституцияда айқындалған қағидаттар әр азаматтың құқығын қорғауға, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттыруға бағытталған. Ең бастысы – осы құндылықтар нақты істер арқылы жүзеге асып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға қызмет етуі тиіс. Сонда ғана еліміз қарқынды дамудың даңғыл жолымен алға басады.
З. Қазияқпарова- Зеренді ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары
