Волонтерлік қызметпен айналысатын жастар үшін бұл – тек экономикалық немесе саяси реформалар ғана емес, қоғамда өзара көмек, жанашырлық және азаматтық белсенділік мәдениетін нығайтудың маңызын білдіреді.
Волонтерлік қозғалыс – қоғамдағы оң өзгерістердің қозғаушы күштерінің бірі. Қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік қолдау көрсету, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру және жастардың қоғамдық бастамаларға қатысуы елдегі бірлік пен ынтымақты күшейтеді. Осындай игі істер Президент айтқан Әділетті, Қуатты және Озық Қазақстанды қалыптастыру мақсатымен толық үндеседі.
Қарқынды даму – тек мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесі емес, әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігінің жемісі. Сондықтан волонтерлер алдағы уақытта да қоғам игілігіне бағытталған бастамаларға белсенді қатысып, жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға және ортақ құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қоса береді. Бұл – елдің тұрақты дамуына қосылған нақты үлес деп санаймын.
Г Ескеева – волонтер
