Жаңа Конституцияның қабылдануы – мемлекетіміздің дамуына тың серпін беретін маңызды шешім. Біз, Әжелер кеңесінің мүшелері, өмір тәжірибесі мол буын ретінде еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығының қадірін жақсы білеміз. Сондықтан заң үстемдігі мен әділеттіліктің нығаюын қолдаймыз.

Конституция – тек заңдар жинағы емес, ол – халықтың бірлігі мен ортақ құндылықтарының айғағы. Ұлттық салт-дәстүрді, ана тілін, үлкенге құрмет пен кішіге ізетті сақтай отырып, біз жастарға дұрыс бағыт беруіміз қажет. Бүгінгі жас ұрпақ білімді, мәдениетті әрі отаншыл болып өссе, Қазақстанның болашағы да жарқын болады. Біз әрдайым ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтауға өз үлесімізді қоса береміз.

Роза Ибраимова -Зеренді ауданы әжелер кеңесінің төрайымы