«Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі»

Жаңа Конституцияның қабылдануы – еліміздің болашағына бағытталған маңызды тарихи қадам. Бұл құжат әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, заң үстемдігін нығайтуды және қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз етуді көздейді. Ана ретінде және Аналар кеңесінің төрайымы ретінде мен үшін ең маңыздысы – әр баланың қауіпсіз ортада өсіп, сапалы білім алып, өз мүмкіндігін толық жүзеге асыра алуы.

Отбасы – қоғамның іргетасы. Ал қоғамның тұрақтылығы мен дамуы әрбір отбасының амандығынан басталады. Сондықтан Конституцияда адам құқығын қорғауға, әлеуметтік әділдікке және азаматтардың мемлекет ісіне қатысуына басымдық берілуі – баршамыз үшін үлкен жауапкершілік. Біз жас ұрпақты заңды құрметтеуге, елін сүюге, ұлттық құндылықтарды сақтауға және адал азамат болып қалыптасуға тәрбиелеуіміз керек. Бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан ел ғана жарқын болашаққа қол жеткізеді.

Қазақстанның болашағы да жарқын болады. Біз әрдайым ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтауға өз үлесімізді қоса береміз.

А. Малик-Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы