Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – ел өміріндегі тарихи маңызы зор оқиға. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының талай кезеңіне куә болған аға буын өкілі ретінде бұл өзгерістердің мемлекетіміздің болашағы үшін ерекше мәнге ие екенін сезінемін.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды осы дәуірлік оқиғамен құттықтауы – қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыратын маңызды үндеу. Конституцияда бекітілген заң үстемдігі, әділдік, жауапкершілік және азаматтардың құқықтарын қорғау қағидаттары еліміздің тұрақты дамуының сенімді кепілі болмақ.
Аға буынның тілегі – елімізде әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылық сақталып, заң бәріне бірдей қызмет етсін. Жаңа Конституцияның талаптары толық жүзеге асып, өскелең ұрпақ әділетті, қуатты әрі өркендеген Қазақстанда өмір сүретініне сенім мол.
Г.Дүйсембекова – Зеренді ауданы Әжелер кеңесінің мүшесі
