Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – әрбір қазақстандық отбасы үшін маңызды оқиға. Ана ретінде елімізде заң үстемдігі, әділдік пен тұрақтылықтың нығаюы балаларымыздың қауіпсіз әрі жарқын болашағының кепілі деп есептеймін.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды жаңа Конституцияның заңды күшіне енуімен құттықтауы – елдің ертеңіне деген сенімнің белгісі. Конституцияда бекітілген адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілік және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қағидаттар әрбір отбасының өмір сапасын жақсартуға қызмет етеді.
Көпбалалы ана ретінде мемлекетімізде балалардың сапалы білім алып, қауіпсіз ортада өсіп, өз қабілеттерін толық жүзеге асыруына барлық мүмкіндік жасалғанын қалаймын. Жаңа Конституция осы мақсаттарға жетуге берік құқықтық негіз болып, Қазақстанның тұрақты дамуына және ұрпағымыздың жарқын келешегіне жол ашады деп сенемін.
Ж.Нұралина – Зеренді ауданы Аналар кеңесінің мүшесі
