Жаңа Конституция – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына бағытталған маңызды стратегиялық құжат. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бұл таңдау еліміздің алдағы ондаған жылдағы даму бағытын айқындап, азаматтардың ортақ жауапкершілігін күшейтеді.
Волонтер ретінде қоғамдағы оң өзгерістер әр адамның белсенділігі мен жанашырлығынан басталатынына сенемін. Конституцияда айқындалған әділдік, заң үстемдігі және қоғамдық келісім қағидаттары еріктілер қозғалысының да негізгі құндылықтарымен үндеседі. Халыққа қалтқысыз қызмет ету, мұқтаж жандарға қолдау көрсету және азаматтық бастамаларды дамыту – ортақ мақсатқа қызмет етудің жарқын үлгісі.
Біз, еріктілер, қоғамдағы ынтымақ пен өзара көмекті нығайтуға, жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға және еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қоса береміз. Әрбір игі ісіміз жаңа Конституцияда айқындалған құндылықтардың өмірде нақты жүзеге асуына ықпал етеді.
Г.Ескеева – волонтер
