Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Конституция туралы айтқан пікірі – еліміздің болашағына бағытталған маңызды стратегиялық ұстаным. Конституцияны қабылдау арқылы халқымыз мемлекеттің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындап, заң үстемдігі мен әділеттілікке негізделген қоғам құруды таңдады.

Мәдениет саласының қызметкері ретінде ұлттық құндылықтарды сақтау, тарихи мұраны дәріптеу және рухани бірлікті нығайту – ел дамуының маңызды құрамдас бөлігі деп санаймын. Жаңа Конституция мәдениет пен руханияттың дамуына, азаматтардың шығармашылық әлеуетін қолдауға және ұлттық бірегейлікті нығайтуға берік құқықтық негіз қалайды.

Мәдениеті жоғары қоғамда өзара сыйластық, келісім және жауапкершілік салтанат құрады. Сондықтан жаңа Конституцияда айқындалған құндылықтарды дәріптеу арқылы біз ел бірлігін нығайтып, Қазақстанның өркендеуіне және жас ұрпақтың рухани дамуына өз үлесімізді қоса береміз.
Г.Тоқсанбаева – Зеренді ауданы мәдениет саласының қызметкері