Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Конституция туралы айтқан сөзі – ел болашағына деген үлкен сенімнің көрінісі. Қазақстан халқыг қабылдаған бұл тарихи шешім мемлекеттің алдағы ондаған жылдағы даму бағытын айқындап, заң үстемдігі мен әділеттілік қағидаттарын одан әрі нығайтуға жол ашты.
Білім саласының қызметкері ретінде жаңа Конституцияның басты құндылықтары өскелең ұрпақтың сапалы білім алып, азаматтық ұстанымы берік, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына негіз болады деп есептеймін. Білім беру ұйымдарының басты мақсаты – білімді ғана емес, заңды құрметтейтін, елінің дамуына жауапкершілікпен қарайтын саналы азамат тәрбиелеу.
Жаңа Конституцияда айқындалған қағидаттарды күнделікті білім беру үдерісінде дәріптеу арқылы біз әділетті қоғамның негізін қалаймыз. Бұл – Қазақстанның тұрақты дамуына, ұлттық бірліктің нығаюына және келешек ұрпақтың жарқын болашағына қосылған маңызды үлес.
С.Омарова – Зеренді ауданы білім саласының қызметкері