Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, жаңа Конституцияны қабылдау арқылы Қазақстан халқы мемлекеттің алдағы ондаған жылдарға арналған даму бағытын айқындайтын маңызды таңдау жасады. Бұл – елдің тұрақтылығы мен бірлігін нығайтып, әрбір азаматтың құқықтары мен жауапкершілігін айқындайтын тарихи қадам.
Аналар кеңесінің мүшесі ретінде отбасы құндылықтарын нығайту, жас ұрпақты ұлттық тәрбиеге баулу және қоғамдағы татулықты сақтау – баршамызға ортақ міндет деп білемін. Жаңа Конституцияда көрініс тапқан әділдік, заң үстемдігі және адам құқықтарын қорғау қағидаттары әрбір отбасының әл-ауқаты мен балалардың жарқын болашағына қызмет етеді.
Қоғамның берекесі – отбасының берекесінен басталады. Сондықтан аналар қауымы ел бірлігін, өзара сыйластық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға әрдайым үлес қоса береді. Жаңа Конституция Қазақстанның тұрақты дамуы мен келешек ұрпақтың жарқын болашағының сенімді кепілі болады деп сенемін.
Ұ.Асқарова – Зеренді ауданы көпбалалы отбасы
