Мемлекет басшысының «Қазақстанның егемен тарихында жаңа дәуір басталады» деген үндеуі – еліміздің болашағына бағытталған маңызды тарихи қадам. Спорт ардагері ретінде бұл бастаманың жастардың жан-жақты дамуына, салауатты өмір салтын насихаттауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тың серпін беретініне сенемін.

Жаңа Конституция әділдік, жауапкершілік және заң үстемдігі қағидаттарын нығайтып, қоғамның барлық саласының тұрақты дамуына негіз қалайды. Бұл құндылықтар спорттағы тәртіп, еңбекқорлық және адал бәсеке қағидаларымен де үндеседі.

Еліміздің жаңа даму кезеңінде өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, табандылыққа және жеңіске ұмтылуға тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бірлігі бекем, рухы мықты халық қана биік белестерді бағындырады. Сондықтан қолға алынған реформалар Қазақстанның жарқын болашағына қызмет етеді деп сенемін.
Ж.Мұғжанов – Зеренді ауданының Құрметті азаматы