Мемлекет басшысының «Қазақстанның егемен тарихында жаңа дәуір басталады» деген үндеуі – еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің айқын көрінісі. Жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, заң үстемдігін, әділдік пен азаматтардың құқықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтереді.
Депутат ретінде бұл тарихи өзгерістер халықтың әл-ауқатын арттыруға, өңірлердің әлеуетін дамытуға және қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға бағытталғанына сенімдімін. Ендігі міндет – қабылданған реформаларды сапалы жүзеге асырып, олардың игілігін әрбір азаматтың сезінуіне жағдай жасау.
Жаңа дәуір – бұл тек заңнамалық өзгерістер ғана емес, сонымен қатар жауапкершілігі жоғары, бірлігі бекем, болашаққа нық қадам басқан Қазақстанды қалыптастыру кезеңі. Баршамыз осы маңызды міндетке өз үлесімізді қосуымыз қажет.
Б.Баядилов – Зеренді аудандық мәслихатының депутаты
