Мемлекет басшысының «Қазақстанның егемен тарихында жаңа дәуір басталады» деген үндеуін зор қолдаумен қабылдаймыз. Бұл – елдің құқықтық негізін нығайтып, әділдік пен заң үстемдігін басты құндылық ретінде орнықтыруға бағытталған тарихи қадам.
Қазақ халқының билері әрдайым ел бірлігін сақтап, дау-дамайды әділ шешіп, қоғамдағы татулық пен келісімді басты орынға қойған. Бүгінде осы құндылықтар жаңа Конституцияда көрініс тауып, мемлекет пен қоғамның өзара жауапкершілігін күшейтуге қызмет етеді.
Жаңа дәуірдің басты талабы – заңға құрмет, бірлік пен өзара сенім. Сондықтан әрбір азамат ел болашағына жауапкершілікпен қарап, реформалардың жүзеге асуына өз үлесін қосуы маңызды. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның тұрақты дамуы мен келешек ұрпақтың жарқын болашағына бастайтын берік жол.
С.Баймурзин – Зеренді ауданы Билер алқасының бас биі
