Мемлекет басшысының «Қазақстанның егемен тарихында жаңа дәуір басталады» деген үндеуі еліміздің болашағына бағытталған маңызды әрі тарихи бастама деп есептеймін. Зейнеткер ретінде Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының түрлі кезеңдеріне куә болдым. Сондықтан бүгінгі реформалардың елдің тұрақтылығы мен өркендеуіне қызмет ететініне сенімім мол.
Жаңа Конституция заң үстемдігін нығайтып, әділ қоғам қалыптастыруға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға берік негіз қалайды. Бұл – кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасалған маңызды қадам.
Еліміздің ең үлкен байлығы – бірлік пен татулық. Сол құндылықтарды сақтай отырып, әр азамат өз міндетіне жауапкершілікпен қараса, Қазақстан жаңа дәуірде бұдан да биік белестерді бағындырады деп сенемін.
Г.Дюсембекова – Зеренді ауданы Әжелер кеңесінің мүшесі
