Мемлекет басшысының «Қазақстанның егемен тарихында жаңа дәуір басталады» деген үндеуі әрбір қазақстандық отбасы үшін маңызды әрі үміт сыйлайтын бастама деп есептеймін. Көпбалалы ана ретінде елімізде отбасы институтын нығайтуға, балалардың сапалы білім алып, қауіпсіз әрі жайлы ортада өсуіне бағытталған реформаларды қолдаймын.

Жаңа Конституция әділ қоғам қалыптастыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіруге берік негіз қалайды. Бұл – болашақ ұрпақтың жарқын келешегі үшін жасалып жатқан маңызды қадам.

Балаларымыздың бейбіт, тұрақты әрі дамыған мемлекетте өмір сүруі – әрбір ата-ананың арманы. Сондықтан жаңа дәуірдің мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, елдің өркендеуіне өз үлесімізді қосу – баршамыздың ортақ міндетіміз деп санаймын.
Ж.Нұралина – Зеренді ауданы Аналар кеңесінің мүшесі