Конституция – кез келген мемлекеттің басты құжаты, ал оның жаңаруы қоғамның жаңа талаптарына жауап беру мақсатында жүзеге асады. Жаңа Конституция азаматтардың мемлекет ісіне белсенді қатысуына, ашықтық пен әділеттіліктің нығаюына мүмкіндік береді. Әрбір адамның құқығы қорғалып, заң алдында бәрі тең болған жағдайда ғана қоғамда өзара сенім артады. Сондықтан еліміздің тұрақты дамуы үшін Конституцияның талаптарын білу және оны құрметтеу аса маңызды.

Армангүл Малик-Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы