Әділетті қоғам құрудың негізі – мықты Конституция. Жаңа Конституция мемлекет пен азамат арасындағы өзара сенімді нығайтып, әр адамның құқығы мен заңды мүддесінің қорғалуына ерекше мән береді. Сонымен қатар ол қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Қазақстанның болашағы – заңды құрметтейтін, бірлігі бекем және ортақ мақсат жолында еңбек ететін азаматтардың қолында. Сондықтан Конституцияның құндылықтарын сақтау – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.
М.Әшімбек – Зеренді ауданы Тілдерді оқыту орталығының басшысы