Мемлекет басшысының «Қазақстанның егемен тарихында жаңа дәуір басталады» деген үндеуі – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды тарихи қадам. Жаңа Конституцияның қабылдануы құқықтық мемлекетті нығайтып қана қоймай, білім мен ғылымның дамуына, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Оқытушы ретінде жастардың заңға құрметпен қарайтын, жауапкершілігі жоғары әрі отаншыл азамат болып қалыптасуы – басты міндеттердің бірі деп санаймын. Сондықтан қолға алынған реформалар білім беру саласының мазмұнын жетілдіруге, азаматтық сана мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге оң ықпал етеді.

Еліміздің жаңа даму кезеңінде әрбір ұстаздың еңбегі ерекше маңызға ие. Себебі бүгінгі білімді, тәрбиелі ұрпақ – ертеңгі Қазақстанның жарқын болашағы мен тұрақты дамуының кепілі.
А.Қайратқызы – Зеренді ауданы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы