Мемлекет басшысының «Қазақстанның егемен тарихында жаңа дәуір басталады» деген үндеуі – елдің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған маңызды стратегиялық бағдар. Жаңа Конституция қоғамда әділдік қағидатын орнықтырып, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың жауапкершілігін арттыруға негіз болады.
Оқытушы ретінде бұл өзгерістердің жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал ететініне сенемін. Білім беру ұйымдарының басты міндеті – заманауи талаптарға сай білімді ғана емес, ел тағдырына бейжай қарамайтын, өз Отанының дамуына үлес қоса алатын тұлға тәрбиелеу.
Жаңа дәуір – жаңа мүмкіндіктер кезеңі. Сондықтан білім саласы өкілдері мемлекет қолға алған реформаларды қолдап, сапалы білім мен саналы тәрбие арқылы Қазақстанның өркендеуіне өз үлесін қоса береді.
Ә.Жантаева – Зеренді ауданы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы
