Мемлекет басшысының «Қазақстанның егемен тарихында жаңа дәуір басталады» деген үндеуі – елдің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған маңызды стратегиялық бағдар. Жаңа Конституция қоғамда әділдік қағидатын орнықтырып, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың жауапкершілігін арттыруға негіз болады.

Волонтер ретінде бұл өзгерістердің қоғамдағы азаматтық белсенділікті, өзара жанашырлық пен қоғамдық жауапкершілікті күшейтетініне сенемін. Еріктілер қозғалысы халыққа қолдау көрсетіп, бірлік пен ынтымақты нығайту арқылы мемлекетіміздің тұрақты дамуына өз үлесін қосып келеді.

Жаңа дәуір – әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі сыналатын кезең. Сондықтан волонтерлер игі бастамаларды қолдап, қоғамға қызмет ету арқылы Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастыруға өз үлестерін қоса береді.
Г.Ескеева – волонтер