🎶 #DOMBYRAKUNI челленджіне старт берілді!
Ұлттық домбыра күні қарсаңында Ақмола облысында #dombrakuni челленджі бастау алды.
Челлендждің алғашқы қатысушысы – К. Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі Айнабек Оразалы. Ол қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, ұлттық өнерді дәріптеуге шақырды және челлендж эстафетасын келесі қатысушыларға жолдады.
Домбыра – халқымыздың рухани мұрасы мен ұлттық болмысының айқын белгісі. Челлендждің мақсаты – ұлттық аспаптың қадір-қасиетін кеңінен насихаттап, жастар арасында оған деген қызығушылықты арттыру.
