🎼 #DOMBYRAKUNI челленджі жалғасуда!
Ұлттық домбыра күніне арналған #dombrakuni челленджіне К. Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі Бауыржан Балтин қосылды.
Өнерпаз домбырада күй орындап, ұлттық өнердің өміршеңдігін және ұрпақтар сабақтастығын дәріптеді. Домбыраның қоңыр үні – халқымыздың тарихы мен рухани мұрасын бүгінгі күнмен байланыстыратын баға жетпес құндылық.
Челлендждің басты мақсаты – ұлттық аспапты кеңінен насихаттап, жастар арасында домбыра мәдениетін дәріптеу.
