🎵 Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат!
Ұлттық домбыра күніне арналған #dombrakuni челленджіне К. Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концертмейстері, «Мәдениет саласының үздігі» Әбілсерік Камашев қосылды.
Өнер иесі домбырада күй орындап, қазақтың төл өнеріне деген құрметін білдірді. Домбыраның қоңыр үні ғасырлар бойы халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін және рухани құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді.
dombrakuni челленджі – ұлттық өнерді дәріптеп, домбыра мәдениетін кеңінен насихаттауға бағытталған бастама.
Домбыраның үні әр үйден естілсін! Сіз де челленджге қосылып, ұлттық мұрамызды бірге ұлықтайық! 🇰🇿
