📍Бүгін Зеренді аудандық ауруханасында Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Е.Дәукеновтың қатысуымен «Конституция және азаматтардың жауапкершілігі» тақырыбында дискуссиялық алаң өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясының қоғам өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң үстемдігін нығайту және әрбір азаматтың елдің дамуына қосатын жауапкершілігі туралы өзара пікір алмасты.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды. Мұндай пікірталас алаңдары құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтық сананы арттыруға және Конституция құндылықтарын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.