⚡️Президент Үкіметке салық заңнамасына енгізілетін нақты өзгерістер легін әзірлеуді тапсырды
⚡️Президент Үкіметке салық заңнамасына енгізілетін нақты өзгерістер легін әзірлеуді тапсырды
⚡️Президент Үкіметке салық заңнамасына енгізілетін нақты өзгерістер легін әзірлеуді тапсырды
⚡️Президент Үкіметке салық заңнамасына енгізілетін нақты өзгерістер легін әзірлеуді тапсырды
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Банктер бизнесті инвестициялық кредиттеуге барынша атсалысуға тиіс»
⚡️Президент: «Біздің мақсатымыз – шын мәнінде халықтық цифрлық экономика құру»
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий жариялауды ұсынды
⚡️Үкіметке орта бизнесті дамытуға арналған арнайы жоспар әзірлеу міндеті жүктелді
Бүгін Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Ақмола облысы бойынша басшысы Сайдалин Самат Мұратұлы «Republic Day» және «Bereke Fest» ауқымды республикалық акцияларын іске асыру барысы туралы баяндады.
Самат Мұратұлының айтуынша, аталған акциялар Көкшетауда 17 қазанда басталып, ұлттық мерекеге орайластырылған. ҚР Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырып жатқан бастаманың негізгі мақсаты – тұрғындар үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыру, тұтынушылық сұранысты қолдау, ішкі саудаға қосымша серпін беру және отандық өнімдерді өткізу мүмкіндіктерін кеңейту.
Мерекелік ұсыныстар мен арнайы жеңілдіктердің ең белсенді кезеңі 21-27 қазан аралығын қамтиды. Осы күндері қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың кең ассортиментін төмендетілген бағамен сатып ала алады. Жекелеген тауар санаттарына 10%-дан 50%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған.
Ауқымды сатылымдарға өңірдегі танымал сауда орталықтары, супермаркеттер мен базарлар қосылды. Арнайы ұсыныстар мына нысандарда қолданылады:
Сауда орталықтары мен үйлері: «РИО» СОС, «Жұмбақтас» СҮ, «Глобус» СҮ, «Астана» СҮ, «Жібек Жолы» СҮ, «Арбат» СҮ, «ЦУМ» СҮ, «Электротоваров» СОО, әйелдердің сырт киім салоны «Персона», «Кристалл» СҮ.
Супермаркеттер мен сауда желілері: «SMALL», «Орда», «Аймер», «Лайм», «Inmart», «Союз», «Құлагер», «Семейный».
Базарлар: «VOSTOK» және «Восточный» базары.
Департамент акциялардың 27 қазанды қоса алғандағы кезеңге дейін жалғасатынын еске салады. Қатысушылардың толық тізімімен танысып, қосымша ақпаратты Ақмола облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсынан алуға болады.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Досбол Жақсыбаев 2026-2027 жылдардағы жылыту кезеңінің өту барысы туралы өзекті ақпарат берді. Синоптиктердің болжамына сәйкес, түнгі уақытта ауа температурасының минус мәндерге дейін төмендеуіне байланысты пешпен жылыту жүйелері мен электр құрылғыларын қарқынды пайдалану салдарынан өрт шығу және иіс газынан улану қаупі артады.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жылыту кезеңі басталғалы бері облыс аумағында 23 өрт тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 42,5%-ға төмен. Былтыр осы аралықта 40 өрт оқиғасы болған. Материалдық шығын көлемі шамамен 51 млн теңгені құрап, 24%-дан астамға азайған. Оқиғалардың негізгі себептері – электр жабдықтарын орнату және пайдалану талаптарын бұзу, ол жағдайлардың 78%-ында тіркелген, сондай-ақ тұрғындардың отпен абайсыз жұмыс істеуі.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Мамандар 10 мыңнан астам тұрғын үйді қамтып, халықпен кездесулер өткізді және 850 түтін мұржасын тазалады. Әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлінуде. Олардың үйлеріне 536 автономды иіс газы мен түтін датчигі орнатылды. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін қазірдің өзінде 18 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 9-ына жалпы сомасы 194 мың теңгеден астам айыппұл салынды.
Ауа райы суыған кезеңде құтқарушылар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды ұсынады. Тұтанғыш сұйықтықтарды от жағу үшін пайдалануға, жағылып тұрған пештер мен қосулы электр құрылғыларын қараусыз қалдыруға, электр желілеріне шамадан тыс күш түсіруге болмайды. Сондай-ақ түтін мұржаларын уақтылы тазалап отыру қажет. Иіс газының белгілері байқалған жағдайда бөлмені дереу желдетіп, «112» нөмірі арқылы жедел қызметтерге хабарласу керек.
Сонымен қатар облыс аумағында «Ата-анаңның үйін тексер!» республикалық акциясы жалғасуда. Бастама азаматтарды қарт туыстарына көңіл бөліп, олардың үйлеріне барып, пешпен жылыту жүйелерінің, түтін мұржалары мен электр сымдарының жарамдылығын тексеруге шақырады. Құтқарушылар ақмолалықтарды жақындарының қауіпсіздігіне бейжай қарамай, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.


















Жасанды интеллект пен су ресурстары – ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа мүмкіндігі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығын заманауи технологиялармен дамыту және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше мән берілді.
Жасанды интеллектіні агросалаға енгізу егін өнімділігін арттырып, шаруалардың еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Ал су үнемдеу технологиялары мен цифрлық жүйелер табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға жол ашады.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлеуетін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және су қорын сақтау – ортақ міндетіміз. Технологияны тиімді пайдаланып, табиғи байлығымызды ұқыпты сақтасақ, ауылдың дамуына және ел болашағына үлес қосамыз.
Суды сақтау – болашақты сақтау. Ауылды дамыту – ел ертеңіне инвестиция салу!
Гүлжаһан Дюсембекова
Зеренді ауданы Әжелер кеңесінің мүшесі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелер еліміздің болашағы мен халықтың әл-ауқатын арттыру үшін өте маңызды деп есептеймін.
Ұлттық қордың қаражатын тиімді пайдалану, әрбір жобаның экономикалық және әлеуметтік қайтарымын қамтамасыз ету — мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі шарттарының бірі. Бөлінген қаржы халықтың игілігіне жұмсалып, нақты нәтижесін беруі керек. Әсіресе, денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет нысандарының салынуы өңірлердің дамуына серпін беріп, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жергілікті шағын және орта бизнес өкілдерін осындай жобаларға тарту жаңа жұмыс орындарының ашылуына, кәсіпкерліктің дамуына және өңірлік экономиканың нығаюына ықпал етеді. Құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылау да аса маңызды, өйткені салынған нысандар халыққа ұзақ жылдар бойы қызмет етуі тиіс.
Менің ойымша, бұл бастамалардың басты құндылығы — олардың халықтың күнделікті өмірімен тікелей байланысты болуында. Әрбір азамат сапалы медициналық көмекке, заманауи білімге және спорт пен мәдениетке қол жеткізуге мүмкіндік алуы қажет. Ең маңыздысы — айтылған міндеттер нақты іспен жүзеге асып, халықтың сенімі мен қолдауына ие болуы.
Елдің дамуы — халықтың әл-ауқатынан басталады. Бүгінгі тиімді шешімдер мен сапалы жобалар Қазақстанның жарқын болашағына берік негіз қалайды.
Серік Баймурзин – Зеренді ауданы билер алқасының бас биі
© 2026 ЗЕРЕН
Theme by Anders Noren — Up ↑