«Отан үшін ерлік жасау міндетті емес, ең бастысы адал қызмет ету»
«Қазақ халқының салт-дәстүріне, ұлттық тағамдарына, табиғатына деген махаббатым шексіз. Үлкен ағам Ресейде тұрады. Ол мені көшіріп алғысы келеді. Бірақ мен Қазақстаннан ешқайда кеткім келмейді. Қазақстанды жақсы көремін. Осы жақта адал қызмет етіп, ел дамуына үлес қосуым керек. Тіпті бір жаққа кетсем де, өз қаламды сағынамын», – дейді Ксения Шереметьева.
«Әкем маған қазақ тілін қалай үйретсе, мен де ұлыма солай үйретемін»
Астана қаласындағы Шұғыл медициналық көмек үйлестіру орталығының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Ксения Шереметьева қазақ тілін жетік меңгерген. Дәрігерге қазақ тілін әкесі үйреткен, екеуара қазақша сөйлескен.
«Қазақстанда шұғыл медициналық көмек көрсету жақсы дамыған»
«Бұрын науқасты әр кабинетке апарып, диагностика жүргізетінбіз. Қазір бұл зерттеудің бәрін операциялық үстелде жасауға болады. Бұл бізге де, пациентке де ыңғайлы. Уақытты үнемдейміз. Біздің орталыққа елдің әр жерінен ауыр жағдайда науқастар келеді. Біздің басты жеңісіміз – оларды аман алып қалу», – дейді Ксения Шереметьева.
Ксения Шереметьева – Шұғыл медициналық көмек үйлестіру орталығының анестезиолог-реаниматолог дәрігері. Оның әр жұмыс күні отаға дайындалудан басталады. Ота басталмас бұрын әр науқаспен жеке сөйлеседі. Дәрігер қазақ тілінде еркін сөйлейді және науқасқа да бәрін толық түсіндіреді.
2026 жылдың 1-15 қазан аралығындағы ресми теріске шығарулардың жиынтығы
Фейк: «Алматының су құбыры мен кәріз шаруашылығы бөгде компанияның басқаруына беріледі»
«Алматы Су» МКК ресми мәлімдемесі: «Алматы Су» кәсіпорны штаттық режимде жұмысын жалғастыруда және қаланың сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерінің операторы болып қала береді. Басқа компаниялардың басқаруына беру жоспарланбаған».
Манипуляция: Компьютерлік клубтарға келушілерді әскери комиссариаттардың «рейдтері» туралы ақпарат беретін Telegram-боттарға қосылуға шақыру
ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесі:
«Қазіргі уақытта азаматтарды әскерге шақыру туралы хабарландыру электрондық форматта да жүзеге асырылады. Ол SMS-хабарламалар мен eGov жеке кабинетіндегі хабарламалар арқылы жүргізіледі».
Манипуляция: Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының әкімшілік ғимаратында болған өртті Ресейдегі расталмаған «оба ауруымен» байланыстыруға тырысу
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми түсініктемесі:
«Өрттен аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының мамандандырылған зертханалары зақымданған жоқ. Зертханалық жұмыстар жүргізілетін бөлмелерге от тимеген, олардың герметикалығы бұзылмаған».
Фейк: Қазақстан азаматтары белгілі бір жағдайларда жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) өзгерте алады
ҚР ІІМ ресми мәлімдемесі:
«ЖСН азаматқа бір-ақ рет беріледі және қайта өзгертілмейді».
Фейк: ҚР Қарулы Күштерінің техникасы халықаралық әскери оқу-жаттығудан кейін тұрақты орналасу орындарына оралмады
ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесі:
«Оқу-жаттығу 2026 жылғы 6 қазанда аяқталғаннан кейін техника тұрақты орналасу пунктеріне толық қайтарылды».
Фейк: Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде бірнеше адам өлімі тіркеліп, 100-ден астам адам жараланды деген ақпарат
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ресми мәлімдемесі:
«Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен концерт кезінде медициналық көмекке сегіз адам жүгінді. Тексеруден кейін бір көрерменнен басқасының барлығы үйлеріне жіберілді. Түрлі жарақат алған 18 жастағы бойжеткен ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оның жағдайы мамандардың бақылауында».
Қосымша ақпарат:
Қаралып отырған кезеңде әлеуметтік желілерде шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратқаны үшін бес адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды (1, 2 ). Тәртіп бұзған тұлғаларға қатысты қолданыстағы заңнамада көзделген әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.
Гуманитарлық-техникалық академиясында «Заң мен тәртіп» нарративі аясында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті
Гуманитарлық-техникалық академиясында студент жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Заң мен тәртіп» нарративі аясында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілікті түсіну, есірткі қылмыстарының алдын алу және қаржылық алаяқтықтан қорғану жолдары туралы маңызды ақпарат беру.
Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер қатысты. Атап айтқанда, наркоқауіпсіздік полиция бөлімінің подполковнигі, Аналар кеңесінің мүшесі Разия Талғатқызы Курсанова, патрульдік батальонның аға инспекторы, лейтенант Адильхан Сералыұлы Каукенов және Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға уәкілі Ильяс Даулетханұлы Турсунбаев студенттермен өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң алдындағы жауапкершілік және қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлері талқыланды. Сонымен қатар студенттерге күмәнді қаржылық операциялардан сақтану, жеке деректерді қорғау және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу қажеттігі түсіндірілді.
Іс-шараға 100-ге жуық студент қатысып, құқықтық қауіпсіздік пен азаматтық жауапкершілікке қатысты маңызды мәліметтер алды.
Мұндай ақпараттық-түсіндіру кездесулері жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, заңға құрметпен қарауын қалыптастыруға және қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың негізі, ал заңды сақтау – әр азаматтың міндеті.
«Жолда қабылдау»: тұрғындарға құқықтық көмек көрсетудің тиімді алаңы
Ақмола облысында 16–17 қазан күндері «Жолда қабылдау» республикалық акциясы онлайн форматта өтеді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылатын іс-шара аясында облыстық Полиция департаментінің ресми парақшаларында тікелей эфирлер өткізіліп, жедел желілер арқылы азаматтардың сауалдарына жауап беріледі.
Акцияның негізгі мақсаты – халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және полиция мен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайту. Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, көші-қон заңнамасының талаптарын түсіндіру және полицияға деген сенімді арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Акция барысында Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары мемлекеттік органдар мен полиция өкілдеріне тікелей жүгініп, өздерін толғандырған сұрақтарын қоя алады. Сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер бойынша білікті мамандардан түсініктемелер мен кеңестер алуға мүмкіндік бар.
Бұдан бөлек, азаматтар тиісті қызметтердің жұмысын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын білдіріп, құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты мәселелерді көтере алады. Онлайн формат тұрғындар үшін қолайлы байланыс орнатып, қажетті ақпаратты жедел алуға жағдай жасайды.
Мұндай акциялар халық пен полиция арасындағы ашық диалогты дамытуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Әсіресе жол қозғалысы ережелерін сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарын білу – әрбір азаматтың қауіпсіздігі үшін маңызды.
«Жолда қабылдау» республикалық акциясы – тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарға жауап алып, өзекті мәселелерді бірге талқылауға мүмкіндік беретін маңызды бастама. Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде әр азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі айрықша рөл атқарады.
Ақмола облысында «Адал азамат»: жастар тәрбиесіне ақсақалдар қалай үлес қосып жүр? Облыста Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» бағдарламасы аясында аға буын өкілдері мектеп оқушылары мен студенттерге ұлттық құндылықтарды дәріптеп, азаматтық жауапкершіліктің маңызын түсіндіруде. Жаңа оқу жылы басталғалы өңірдің бірқатар білім беру ұйымында бейбітшілік пен келісім, медиация, адамгершілік және адалдық тақырыптарына арналған кездесулер өтті. Бұл жұмысқа Ақсақалдар кеңестерінің мүшелері де белсенді қатысып келеді. «Адал азамат» бағдарламасы өскелең ұрпақтың бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын «Адал азамат» деп атауды қолдады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – отаншыл, білімді, еңбекқор әрі қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінетін азамат тәрбиелеу. «Ақмола облысында осы бағыттағы жұмысты жүйелеу мақсатында ағымдағы жылдың басында «Адал азамат» жобасын жүзеге асыру мәселелеріне арналған Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті. Оған кеңес мүшелері мен білім беру бөлімдерінің басшылары қатысты. Жиында ақсақалдарды мектептерге бекіту және оқушылар арасында тәрбиелік жұмыстар жүргізу мәселелері қарастырылды» , деді облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ермек Нұғыманов. Қазір Ақсақалдар кеңесінің мүшелері мектеп оқушылары мен колледж студенттерімен кездесулер, дәрістер және ашық әңгімелер өткізіп келеді. Іс-шараларда адалдық, отансүйгіштік, еңбекқорлық, адамгершілік, білімге құштарлық, үлкенге құрмет пен қоғамдық келісім құндылықтары дәріптеледі. Оқу жылы басталғалы өңірдегі білім беру ұйымдарында бағдарламаның негізгі құндылықтарын түсіндіруге арналған бірқатар іс-шара ұйымдастырылды. Мәселен 10 қыркүйекте Көкшетау қаласындағы №5 «Таңдау» мектеп-гимназиясында Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Көшек Сәменовтің қатысуымен «Бейбітшілік пен келісім сабағы» өтті. Кездесуде қоғамдық келісім мен өзара құрметтің маңызын жас ұрпаққа жеткізуге басымдық берілді. Көкшетау жоғары медициналық колледжінде де осы сынды кездесу өтті. Болат Зәкеновпен «Медиация – татуласу өнері және жастар тәрбиесі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Сол күні Шоқан Уәлиханов атындағы көпсалалы колледжде Мұрат қажы Ыдырысұлы студенттермен жүздесіп, «Атаның сөзі – ақылдың көзі» атты кездесуде өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Алдағы уақытта да білім беру ұйымдарында кездесулер өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, Көшек Сәменовтің №5 мектепте, Шияп Шарапұлы Әлиевтің №1 мектепте, Дахан Шокширұлы Жамшиннің №18 мектепте, Бәйкенұлы Қаратайдың Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейінде кездесулері көзделген. Жобаны Ақмола облысының барлық ауданында жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ақсақалдар кеңестерінің қатысуымен жүргізіліп жатқан жұмыс жастарды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, адал еңбек етуге, елжандылыққа және өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған.
Қазақстан мен ӘзербайжанТранскаспийталшықты-оптикалықбайланысжелісініскеқосты
Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін суастыталшықты-оптикалық байланыс желісін тартып, өз телекоммуникация жүйелеріналғаш рет өзара байланыстырды. Жобаның салтанатты іске қосылуына ҚазақстанРеспубликасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ӘзербайжанРеспубликасының Президенті Ильхам Әлиев қатысты. Жаңа инфрақұрылым Азия мен Еуропа арасында деректер жеткізетін қосымша бағыт ашып, Қазақстанныңхалықаралық цифрлық транзиттегі рөлін күшейтеді.
Транскаспий ТОБЖ-сі Қазақстанның Қытайға шығатын құрлықтағыжелілерін Әзербайжанның инфрақұрылымымен, ары қарай Кавказ бен Еуропажелілерімен тоғыстырады. Осылайша, халықаралық трафикті өткізу мүмкіндігінкеңейтетін және қолданыстағы байланыс арналарын сақтандыратын жаңа бағытқалыптасады.
Бұл желінің іске қосылуы Қазақстан үшін халықаралық байланысорнықтылығының артуын және ғаламдық желіге шығу бағыттарыныңәралуандығын білдіреді. Балама маршруттың болуы байланыс операторларынадеректер ағынын икемді бөлуге және жекелеген бағыттарға тәуелділікті азайтуғажол ашады. Ал аймақ үшін жоба халықаралық цифрлық инфрақұрылымғақосылудың және Азия мен Еуропаның ірі нарықтары арасындағы транзиттідамытудың қосымша мүмкіндіктерін жасайды.
Суасты кабеліне 64 оптикалық талшық орналастырылған. Желінің жобалықөткізу қабілеті 400 Тбит/с-тан асады. Бұндай қуат қоры деректер тасымалынарттыруға және жоғары жылдамдық пен сенімді байланысты талап ететінсервистерді дамытуға берік негіз болады.
Сонымен қатар жаңа бағыт Қазақстанда деректер өңдеу орталықтарын(ДӨО), бұлтты платформаларды және жасанды интеллектке арналған есептеуқуаттарын орналастыру мүмкіндігін арттырады. Халықаралық технологиялықкомпаниялар үшін сыйымды байланыс арналарының болуы мен сигнал кідірісініңтөмендігі — алаң таңдауда және шетелдік клиенттерге қызмет көрсетуде бастышарттардың бірі. Уақыт көрсеткіштеріне сүйенсек, Ақтау — Ыстанбұлбағытындағы сигнал кідірісі небәрі 34 миллисекундты құрайды.
Халықаралық байланыс деңгейін арттыру Қазақстанға деректер транзитінарттырып қана қоймай, оларды сақтау мен өңдеу бойынша дербес қызметтерін де дамытуға жағдай жасайды. Бұл отандық технологиялық компаниялардың сыртқынарықтарда жұмыс істеуіне жол ашып, елдің цифрлық инфрақұрылымғаинвестиция тарту тартымдылығын арттырады.
Болжамға сәйкес, жаңа бағыттың арқасында транзиттік трафик көлемі екіеседен астам өсіп, таяу жылдары 21,6 Тбит/с-қа жетуі мүмкін.
2025 жылы белсенді жұмыстар басталғаннан кейін желіні іске қосқанға дейінекі жылдан аз уақыт өтті. Жобаны жүзеге асыру үшін теңізде зерттеулержүргізіліп, маршрут кеме қатынасы, әскери және мұнай-газ қызметініңерекшеліктері ескеріле отырып келісілді, сондай-ақ Каспий теңізінің түбінекабель төсеудің техникалық күрделі жұмыстары орындалды.
Каспий теңізі арқылы өтетін талшықты-оптикалық байланыс желісінің іскеқосу – екі ел президенттерінің қолдауымен жүзеге асқан ортақ жоба жәнеҚазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтудыңнақты дәлелі.
🔹Қазақстан Президенті қонақжайлық көрсеткені және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтты.
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев диалогтың, сенімді нығайтудың және жан-жақты ынтымақтастықтың бірегей алаңы ретінде АӨСШК әлеуетін кеңейтуге бағытталған Әзербайжан тарапының белсенді төрағалығын оң бағалады.
– Қазақстан үшін Кеңестің маңызы ерекше. Еліміз отыз жылдан аса уақыт бұрын кең байтақ өңірде өзара сенімді арттыру және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізу мақсатында осы форумды құру жөнінде бастама көтерген болатын. Содан бері АӨСШК өзара тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мүше мемлекеттерді ортақ іске жұмылдырып келеді. Бастапқыда Азиядағы қауіпсіздікті сақтап, сенімді нығайтуды көздейтін жалпыға ортақ тікелей диалог форматында құрылған бұл алаң бүгінде бірегей форумға айналды. Ұйымға мүше елдер Азия құрлығының шамамен 90 пайызын қамтиды. Мұнда Жер шары тұрғындарының жартысынан астамы өмір сүреді. Халықаралық институттардың көбінде мұндай әлеует жоқ, – деді Мемлекет басшысы.
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев бұл форматтың ауқымы АӨСШК-нің зор әлеуетін танытатынын, ал ортақ болашақ құруға ұмтылған жалынды жастар оның қозғаушы күші саналатынын айтты.
– Қауіпсіз әрі гүлденген Азия құруға деген шынайы ниетімізді көрсететін АӨСШК рухы шын мәнінде белгілі брендке айналды. Бүгін Лаостың осы Ұйымға мүше болғанына қуаныштымын, – деді ол.